Жеңілдікпен автонесие: 18 секунд жұмыс істеген бағдарламаға 188 млрд теңге бөлінген

Бағдарламаға әзірге бұдан көп қаржы құю жоспарда жоқ


17/02/2023
15:50 21058 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Үкімет 18 секундтық жеңілдікпен автонесие алу бағдарламасына 188 миллиард теңге жұмсаған. Бұл жөнінде премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді. 

 

– Автонесие бойынша «Бәйтерек» холдингіне жүгінгеніңіз дұрыс деп ойлаймын. Үкімет өзіне тиесілі жұмысты атқарды. «Бәйтерек» пен оның құрылымдарына жеңілдікпен автонесиеге бюджеттен 88 миллиард теңге бөлінді. 100 миллиард теңге утильалым қаржысынан берілді. Қорытындысында, 188 миллиард теңге қаржы айналымда жүр. Бағдарламаны револьверлік жүйемен қаржыландыруда, – деді ол. 

 

Склярдың сөзінше, бағдарламаға әзірге бұдан көп қаржы құю жоспарда жоқ. 

 

Естеріңізге салайық,  6 ақпанда таңғы сағат 10:00-де жеңілдікпен автонесие алу бағдарламасы іске қосылған. Ол 18 секунд жұмыс істеп, өшіп қалған. Жүйе қолданушылардың көптігін көтере алмаған. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

17/02/2023 15:50
21058 0

Уведомление